Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл
ҚР Президенті жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл лауазымы 2026 жылғы наурызда құрылды. Мемлекет басшысының өкімімен бұл қызметке Снежанна Валерьевна Имашева тағайындалды.

Омбудсмен институты балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейту және отбасы институтын нығайту мақсатында құрылған.

Қызметтің негізгі бағыттары:
  • Құқықтарды қорғау: отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың мүдделерін қорғау, отбасы қауіпсіздігін нығайтуға қолдау көрсету.
  • Мәселелерді шешу: өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсетуге, әлеуметтік көмекті жетілдіруге және ведомствоаралық іс-қимылды дамытуға ықпал ету.
  • Отбасылық саясатты жетілдіру: жүйелі мәселелерді жою, отбасылық құндылықтарды нығайту, жауапты ата-ана болуды дамыту, балалардың әл-ауқатын нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Уәкіл ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен, жергілікті атқарушы органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз іс-қимыл жасай отырып жұмыс істейді.

Негізгі мақсат – отбасы мүдделерін қорғауды күшейту, азаматтардың мәселелерін уақытылы шешуге жәрдемдесу, мемлекеттік отбасылық саясатты жетілдіру бойынша тиімді ұсыныстар әзірлеу.
Жаңалықтар
    Байланыс
    Телефон: +7 778 4501525
    E-mail: otbasy.uakil@gmail.com
    Made on
    Tilda