«Саламатты Қазақстан» медицинский пойызы Батыс Қазақстан облысында өз жұмысын жалғастыруда. Тұрғындар саны 1000-нан астам «Деркөл» стансасына (Зеленый кенті) тоқтады. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамымен бірлесе жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба шалғай ауылдардың, соның ішінде Бәйтерек ауданының тұрғындарына нақты және қажетті көмекті көрсету болып табылады.
Ашу барысында медициналық пойыздың бас дәрігері Айнұр Егінбаева және заңгер Айшат Ғаббасова тұрғындарға қандай қызметтер көрсетілетіні және пойыздың 10 маманы қандай көмек ұсынатыны жөнінде түсінік берді.
Жиналғандар алдында аудан әкімінің орынбасары М.Байменов, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы А.Кульбаракова, БҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі М.Даулетьярова және басқалар құттықтау сөз сөйледі. Аудан үшін маңызды шараға орай А.Жекековтің орындауында «Атамекен» әні шырқалды.
Одан кейін аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Е.Галиев, аудандық аурухана директоры Т.Мусагалиев, БҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Т.Рогозина және басқалар пойыз жұмысымен танысты.
Ауыл тұрғындары «біз ақ халатты жоғары білікті мамандардың келуін асыға күттік. Олар бізге жыл сайын келеді және үнемі сапалы қызмет көрсетеді» деп атап көрсетті.