Ultcom KZ

Республика күні құтты болсын!

Республика күні – Қазақстанның тәуелсіздікке бастар жолдағы ең елеулі ұлттық мерекелерінің бірі. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тарихи мәні зор Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдап, еліміздің аумақтық тұтастығын, азаматтық мәртебесін, мемлекеттік бюджетін, халықаралық қатынастардағы дербестігін және мемлекеттік рәміздерін ресми түрде айқындады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл күн – әрбір қазақстандықтың мемлекетіміздің дамуына қосқан үлесі қаншалықты маңызды екенін еске салып, бізді алға жетелейді. Ортақ күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан болашаққа батыл қадам жасап, жаңа белестерді бағындыруда.

Сіздерге мықты денсаулық, бірлік пен молшылық тілейміз! Әр күніңіз табысты өтіп, болашаққа деген сенімдеріңіз нығая берсін!