Маусым айының үшінші жексенбісінде елімізде Медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке – еліміздің денсаулығын сақтау жолында алдыңғы шепте жүрген дәрігерлердің, мейіргерлер, акушерлер, фельдшерлер, фармацевтер, санитарлар мен денсаулық сақтау жүйесінің әкімшілік қызметкерлерінің ортақ мерекесі.
«Медицина қызметкерлері – ұлт саулығының сақшылары, ең құрметті әрі ең игі мамандық иелері. Біз сіздердің жанкешті еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз әрі табандылықтарыңызбен мақтанамыз. Дәрігерлер күн сайын ерлік жасап келеді – ота кезінде, ауруханаларда, жедел жәрдемде. Барша медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғысымды білдіремін», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімінде.
Медицина қызметкерлері күні – кәсіби біліктілікті, рухани беріктікті, жанашырлық пен әрдайым көмекке келуге дайын болуды талап ететін еңбектің қоғам тарапынан мойындалатын күні.
Дертіне дауа іздеген әрбір емделушінің сауығу тарихының артында өз өмірін өзгенің игілігіне арнаған ақ халатты абзал жан тұр. Сондықтан азаматтардың денсаулығына деген жанқиярлық қызмет пен шынайы қамқорлық – шексіз құрметке лайық.
Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде жарты миллионнан астам адам еңбек етеді. Олардың 72,4 пайызы – әйелдер.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия барша медицина қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдіреді және сіздерге зор денсаулық, амандық пен ізгі істеріңізде табыс тілейді!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Медицина қызметкерлері күнімен!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия