Ultcom KZ

АПВ: Қорқыныш емес, нақты дерек

16 мамыр — Республикалық Репродуктивті денсаулық апталығы аясында Адам папилломасы вирусы (АПВ) туралы шынайы әрі ғылыми негізделген ақпаратпен бөлісуге арналған күн.

Жатыр мойны обыры — қазақстандық әйелдер арасында кең таралған онкологиялық сырқаттардың бірі. Бірақ бұл – алдын алуға болатын санаулы аурулардың қатарында. Уақтылы жасалған екпе мен тұрақты скрининг арқылы аурудың дамуын едәуір төмендетуге болады.

2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап елімізде 11 жастағы қыз балаларға АПВ-ға қарсы вакцина егу кезең-кезеңімен басталды. Бұл шешім – дүниежүзілік медициналық тәжірибеге және вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін растаған көптеген ғылыми зерттеулерге негізделген.

Бүгінгі күннің басты мақсаты – жұртшылыққа дәлелді дерек жеткізу, жалған түсініктерді сейілтіп, ата-аналарға дұрыс әрі саналы таңдау жасауға мүмкіндік беру.

Бүкіл ел аумағында осыған орай дәрістер, ашық есік күндері, бейнероликтер мен ақпараттық материалдар ұсынылуда. Әсіресе ата-аналармен ашық диалог орнатуға ерекше мән берілуде — мектептерде, медициналық мекемелерде, бұқаралық ақпарат құралдары мен цифрлық алаңдарда.

Бүгінгі екпе — ертеңгі қауіпсіздік.

Саналы шешім – сау ұрпақтың кепілі.

#СалауаттыҰрпақ2025

#ЗдоровоеПоколение2025

#RepHealth2025

#SalauattiUrpaq2025