2 шілдеде Астанада әлемдік көшбасшылардың басын қосқан Global Businesswomen Council (GBWC) IV Пленарлық отырысы өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту - экономиканың орнықты өсуі мен инвестиция тарту драйвері» тақырыбына арналды. Бұл Қазақстанның әйелдердің экономикадағы рөлі туралы жаһандық диалог картасындағы орнын айшықтай түсті. Жиынға халықаралық қаржы ұйымдарының, БҰҰ жүйесінің, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, халықаралық корпорациялардың, инвесторлардың, даму институттарының және әйел кәсіпкерлер бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында әйелдердің және шағын және орта бизнестің (ШОБ) жеткізу тізбегіне қатысуы, өндірісті жергіліктендіру, жұмыс орындарын құру, ESG-күн тәртібі, өңірлік даму және инвестициялар тарту мәселелерін егжей-тегжей талқыланды.
Global Businesswomen Council ұйымының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі және Шетелдік инвесторлар қауымдастығының директоры Жанна Байдашева атап өткендей, бүгінгі таңда еліміз әйелдер бизнесін жетілдіруге, өнеркәсіпті дамытуға, өндірісті жергіліктендіруге қатысты нақты әлеуеткеие. Бұл мәселенің маңыздылығын ҚР Вице-премьер-министрі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі әрі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева да қуаттады. Ол «әйел кәсіпкерлігі - бұл қазіргі экономиканың маңызды құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен қатар инновациялардың, әлеуметтік жауапкершіліктің және тұрақты дамудың қуатты қайнар көзі, сондықтан әйелдердің бастамаларын қолдай отырып, біз Қазақстанның болашағына инвестиция саламыз, оның бәсекеге қабілеттілігін нығайтамыз және одан әрі экономикалық өсудің берік іргетасын қалаймыз»,- деп атап өтті.

Іс-шара барысында G-Index Institute тәуелсіз зерттеу, талдау және әдіснамалық инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары басталғаны ресми түрде жарияланды. Институт талдау материалдарын дайындау, өндірісті жергіліктендіру әлеуетін бағалау, өнім берушілерді дамыту және іске асырылып жатқан бастамалардың әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау үшін құрылуда. Бұл ауқымды бастама барлық деңгейде кең қолдауға ие болды. Жобаны қолдаушылардың қатарында жетекші қаржы институттары (Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі), халықаралық ұйымдар (БҰҰ, БҰҰДБ, «БҰҰ-әйелдер» құрылымы, АӨСШК) бар. Сондай-ақ, бұл қадамға ірі шетелдік және ұлттық компаниялар (Alstom, AirLiquide, Polpharma, Shell, Veon, Solidcore Resources) және Қазақстан Республикасының бейінді мемлекеттік органдары, соның ішінде Оқу-ағарту, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция, Ғылым және жоғары білім, Жасанды интеллект және цифрлық даму, сонымен қатар Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері қолдау білдірді.
Сонымен қатар, халықаралық әріптестіктің жаңа платформасын құру аясында G-Index Institute Халықаралық консультативтік кеңесі құрылатыны туралы хабарланды. Халықаралық ұйымдардың, даму банктерінің, корпоративтік сектордың, даму институттары мен академиялық қоғамдастықтың басын қосатын бұл сараптамалық-консультатиівтік платформа орнықты экономикалық даму саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға және бірлескен шешімдерді әзірлеуге арналған тиімді алаңға айналмақ.
Пленарлық отырыс қорытындысы бойынша G-Index Institute және мүдделі мемлекеттік органдармен инвесторлар арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланған. GBWC IV Пленарлық отырысы мемлекеттің, бизнестің, халықаралық ұйымдар мен даму институттарының сектораралық серіктестігі Қазақстан өңірлерін дамыту және орнықты экономикалық өсу үшін қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте қуаттады.