Алматыда 29–30 қазан күндері Күтім экономикасы бойынша бірінші Орталық Азия семинары өтті. Іс-шара Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстанның мемлекеттік органдары мен парламенттерінің, Еуропалық одақтың, БҰҰ агенттіктерінің, халықаралық қаржы институттарының, сараптамалық қоғамдастықтың, азаматтық қоғамның, кәсіподақтар мен жеке сектордың 70-тен астам өкілін біріктірді.
Қатысушылар күтім жүйелерінің тиімділігін арттыру арқылы өңірдің экономикалық дамуына, жұмыспен қамту жағдайын жақсартуға, лайықты жұмыс орындарын құруға және ақы төленбейтін үй шаруасы міндеттерінің әркелкі бөлінуін азайтуға ықпал ету жолдарын талқылады. Платформалық экономиканы дамытуға және оның күтім көрсету қызметтері нарығын кеңейтудегі әлеуетіне ерекше назар аударылды. Цифрлық платформалар қызметке мұқтаж отбасыларды кәсіби мамандармен байланыстырып, қызметтерге қолжетімділікті арттыруға және жұмыспен қамтудың қосымша мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге қабілетті.
Екі күн ішінде қатысушылар күтім экономикасын дамытудың өзара байланысты бес бағытын қарастырды: мемлекеттік саясат және институционалдық тетіктер, инвестициялар мен қаржыландыру, лайықты еңбек жағдайлары мен сапа стандарттары, инновациялар мен цифрландыру, сондай-ақ көпжақты әріптестік.
«Күтім жүйелеріне салынған инвестициялар – бұл экономикалық әсері жоғары инвестициялар. Сарапшылардың бағалауы бойынша, күтім көрсету қызметтеріне жалпыға бірдей қолжетімділікті дамыту бүкіл әлемде жүздеген миллион лайықты жұмыс орнын құруға, еңбек өнімділігінің өсуін ынталандыруға және инклюзивті дамуға ықпал ете алады», – деп атап өтті БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Катаржина Вавьерниа.
Ал ҚР Құрылтайының депутаты, Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Снежана Имашева Қазақстанда қазірдің өзінде дамыған күтім және әлеуметтік қолдау жүйесі қалыптасқанын атап көрсетті.
«Бала күтіміне байланысты жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер, мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын азаматтарды қолдау шаралары, үйде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер бар, стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдар жұмыс істейді. Бұл саланы қаржыландырудың жыл сайынғы көлемі шамамен 190 млрд теңгені құрайды және бұл қаражатты тек бюджеттік шығыстар ретінде ғана емес, ұзақ мерзімді әлеуметтік және экономикалық әсер әкелуге қабілетті инвестициялар ретінде қарастыру маңызды», – деді спикер.
Талқыланған мәселелер қатарында кәсіби даярлау мен дағдыларды мойындау, әлеуметтік қорғау, еңбек стандарттары және мансаптық өсу мүмкіндіктері бар. Осы ретте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықпаев Қазақстанда әлеуметтік қызметтерді дамытуды, кадрларды кәсібилендіруді және цифрлық шешімдерді енгізуді үйлестіре отырып, әлеуметтік қорғау жүйесін дәйекті түрде жетілдіру шаралары жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
«Біз үшін күтім экономикасы – бұл азаматтарды қолдау жүйесі ғана емес, сонымен қатар еңбек нарығын дамытудың, әлеуметтік қызметкерлерді кәсібилендірудің және лайықты еңбек жағдайларын жасаудың маңызды бағыты», – деп атап өтті вице-министр.
Интерактивті сессиялар қатысушыларға төрт елдің тәжірибесін салыстыруға, алдын ала талдамалық қорытындыларды талқылауға және әрі қарай пысықтауды қажет ететін бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар халықтың қажеттіліктерін бағалау және болжау үшін цифрлық құралдарды енгізу, күтім көрсету қызметтерін ұсынудың платформалық модельдерін дамыту және мемлекеттік органдар, жеке сектор мен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті кеңейту сияқты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын анықтады. Бұл нәтижелер мемлекеттік саясатты әрі қарай талдауда, ұлттық консультациялар өткізуде және CHANGE мен EQUANOMICS бағдарламалары аясында күтім экономикасы саласындағы іс-шараларды жоспарлауда пайдаланылатын болады.

30.10.2026