Ultcom KZ

15 мамырда Халықаралық отбасы күні аталып өтіледі

Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен бекітілген мереке 1994 жылдан бері тойланып келеді.

Отбасы қоғам қалыптастыруда, ұлттық құндылықтарды сақтап, оны өскелең ұрпаққа жеткізуде маңызды рөл атқарады. Отбасында кішкентай азамат құрмет, сүйіспеншілік, қолдау, өзара көмек, еңбекқорлық сияқты маңызды құндылықтарды бойына сіңіреді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр отбасының әл-ауқатын жақсарту – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі міндеттің бірі екенін үнемі айтуда.

Халықаралық отбасы күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы әр шаңыраққа бақыт пен амандық, өзара түсіністік пен бірлік тілейді!


#ҰлттықКомиссия
#UlttyqKomissiya
#НацКомиссия