Астанада Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау, сонымен қатар, жатыр мойны обырының алдын-алу және оған қарсы күрес мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті.
Қазақстанда жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші орында таралған және бала тууға қабілетті жастағы (25-44 жас) әйелдердің сүт безі обырынан кейін өлімге әкелетін аурулардың бірі болып табылады.
Жыл сайын елде 1900 жуық жаңа жағдай тіркеледі. Жылына 600 астам әйел осы патологиядан қайтыс болады. Әлемде жатыр мойны обыры ең көп таралған қатерлі ісіктердің бірі болып табылады және қатерлі ісіктің барлық жағдайларының ішінде 13,1% құрайды.
Кездесудің мақсаты жатыр мойны обырының алдын-алу, соның ішінде АПВ вакцинациясы бойынша түрлі мүдделі топтардың, бейінді ұйымдардың және азаматтық сектордың іс-әрекетте күш-жігерін біріктіру болды.
Отырысқа ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэл Фриберг-Стори, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ онкология, гинекология және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандар қатысты. Жатыр мойны обыры мәселесі бойынша қазақстандық ғалымдардың зерттеу қорытындысымен онколог, ҚазОРҒЗИ директоры Диляра Қайдарова таныстырды.
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның атынан Жұлдызай Ысқақова, Назипа Шанай, Азиза Шужеева және Альфия Адиева қатысты.
Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдігі мен Еуропалық Одақ делегациясының қолдауымен ұйымдастырды.