«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы осы апта Түркістан облысындағы халыққа тегін қызмет көрсетуін аяқтап, келесі апта Жамбыл облысындағы жұмысына кіріседі. Бұл ретте, 6 қараша күні, жоба аясында Бадам станциясында «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен жергілікті тұрғындарға ән-шашу ұйымдастырылады.
Өткен апта, яғни 28 қазан мен 3 қараша аралығы жылжымалы құрамдағы медицина қызметкерлері 3538 адамның денсаулығын қараса, олардың 766-сы бала болып отыр. Аталған пойыздағы медиатор мен заңгер мамандар тиісті мерзімде әлеуметтік-еңбек құқығы мәселелері бойынша 26 тұрғынға кеңес берді.
Мамыр айының басында сапарға шыққан пойыз ұжымы бұған дейін Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау және Қызылорда облыстарында болды. Бүгінде 77700 қазақстандықты (оның ішінде 17370 бала) медициналық қызметпен қамтыған дәрігерлер еңбегінен тыс, медиатор мен заңгер 2757 арызды қарастырып, жергілікті азаматтардың құқықтық, еңбек кикілжіңдерін шешуге күш салды.
Пойыз вагондарында қабылдау 13:00-14:00 түскі үзіліспен сағ. 09:00-18:00 аралығында жүргізіледі. Азаматтарда өздерімен бірге жеке куәлігі болса жеткілікті.
Пойыздың қозғалыс кестесі мен толық ақпаратты sk-trust.kz, medpoezd.kz сайттарынан және жобаның әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.
Әлеуметтік жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асуда.