Павлодар облысында «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты семинар-тренинг ұйымдастырылып, ауылдық білім беру жүйесін жетілдіру және педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы, «Ауыл» партиясы және Павлодар облысы әкімдігінің бірлескен бастамасымен жүзеге асырылды.
Ұлттық комиссия жұмысының маңызды бағыты – ауыл мектептерін қолдау арқылы балаларға сапалы білім беру, қоғамдық құндылықтарды жаңғырту және жауапкершілігі жоғары, еңбекқор азаматтарды тәрбиелеу.
Семинарға ауыл мектептерінің директорлары мен педагогтері, ата-аналар комитеттерінің өкілдері, білім басқармаларының мамандары, сондай-ақ әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.
Ұлттық комиссия мүшесі, «Ауыл» партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары Айгерім Сарсенбаева: «Ауыл мектебі – ауылдың болашағы. Балалардың сапалы білім алуы – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деп атап өтті.
Павлодар облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Алма Айтуарова да ауыл мұғалімдерінің еңбегін ерекше атап өтіп, семинардың кәсіби дамуға қосар үлесін айтты:
«Ауыл мұғалімі – ел ертеңін қалыптастыратын негізгі тұлға. Бүгінгі басқосу ұстаздарға жаңа серпін береді», – деді.
Пленарлық отырыста білім саласының сарапшылары құндылыққа негізделген тәрбие бағдарламалары, ауыл мектептерін сапалы білім орталығы ретінде дамыту жолдары жөнінде ұсыныстарын ортаға салды. Секциялық сессияларда интернет пен компьютерлік ойындарға тәуелділікті азайту, киберқауіпсіздікті күшейту, жасанды интеллектті сабақта тиімді қолдану, сондай-ақ халықаралық білім бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері кеңінен қарастырылды.
Семинар соңында қатысушылар нақты ұсыныстарын білдіріп, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған тәжірибелік идеяларымен бөлісті. Іс-шара ауылдық білім сапасын арттыруға арналған диалог пен ынтымақтастық алаңына айналды.
Қорытындысында барлық қатысушылар ауыл мектептеріндегі білім сапасын көтеруге бағытталған бастамаларды жүйелі әрі ұзақ мерзімді қолдау қажеттігін атап өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы алдағы уақытта да осындай іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, ауыл мектептерін қолдау мен педагогтердің кәсіби дамуына өз үлесін қоса бермек.