2025 жылғы 14 наурызда Бурабайда Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап, саяси-әлеуметтік реформалар нәтижелеріне тоқталды. Президент Ұлттық құрылтай мүшелерінің елді жаңғыртудағы үлесін ерекше атап өтті.
Күн тәртібіне әлеуметтік саясат, салық реформасы, өңірлердің дамуы, білім беру, мәдениет және идеология мәселелері енгізілді.
Гендерлік саясат және әйелдер құқығын қорғау
Құрылтай барысында Мемлекет басшысы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, отбасыларды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Осы мақсатта өткен жылы барлық өңірлерде балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтары ашылып, заңнамаға маңызды өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, Президент «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын әзірлеу бастамасын қолдап, әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларды қолдау қажеттігін айтты.
Әйелдердің қамаудағы жағдайы
Президент Ұлттық комиссия мүшесі, адвокат Айман Умарова көтерген мәселеге назар аударды. Ол әйелдер колонияларындағы, әсіресе жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар аналардың жағдайына алаңдаушылық білдірген болатын.
Мемлекет басшысы қылмыстық-атқару жүйесінің негізгі мақсаты жазалау емес, түзету болуы тиіс екенін атап өтті. Сонымен бірге, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге қатысты құқықтық тәсілдерді қайта қарау қажеттігін жеткізді.
«Құқық қорғау органдары мен депутаттар бұл мәселені мұқият зерделеп, нақты ұсыныстар әзірлеуі қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Білім беру және тәрбие: болашақ ұрпаққа инвестиция
Президент жастарға тек сапалы білім беріп қана қоймай, олардың азаматтық және адамгершілік тәрбиесін де дамыту қажеттігін баса айтты. Осы мақсатта еліміздегі мектептерде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілуде.
Инклюзивті білім беру және ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселесі де назардан тыс қалмады. Жақын арада еліміздің барлық облыс орталығында ерекше балаларды, соның ішінде аутизм диагнозы бар балаларды оңалту және дамыту орталықтары ашылады.
Әйелдер және экономика: тең мүмкіндіктер
Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретінде денсаулық сақтау мен білім беру салаларын басты басымдық ретінде қарастырады. Дегенмен, әйелдердің, әсіресе ауылдық жерлердегі әйелдердің, экономикалық тұрғыдан өзін-өзі дамытуына мүмкіндік жасау қажет.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке әйелдер кәсіпкерлігін қолдау шараларын күшейтуді, оның ішінде оқыту, қаржыландыру және бизнес-даму бағдарламаларын кеңейтуді тапсырды.
Мәдениет, ұлттық бірегейлік және отбасылық құндылықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлерді сақтау және отбасылық құндылықтарды нығайту мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Осыған орай, Наурыз мейрамы енді 14 наурыз – Амал күнінен басталып, 10 күнге созылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қоғамдағы әйелдердің рөлін нығайтуға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, әлеуметтік саясат пен инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған бастамаларды толық қолдайды.
Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы кең қоғамдық диалогтың маңыздылығын тағы да дәлелдеді және осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігін көрсетті. Ұлттық комиссия мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен және халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырады.