Ultcom KZ

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!


Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрбан айт – мейірімділік пен кешірімнің, рухани тазалық пен жанашырлықтың нышаны. Бұл күн – адамзатты игілікке, бірлік пен берекеге шақырып, жүрекке жылылық, жанға тыныштық сыйлайтын ұлы мереке.

Бабалардан жалғасқан берік отбасы құндылықтары – қоғамымыздың темірқазығы. Құрбан айт – жақыныңа қамқор болуға, мұқтаж жанға қол ұшын созуға, рухани жаңғыруға үндейтін қасиетті күн.

Осы ұлық мерекеде Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке тілейміз. Әрбір шаңырақта татулық, махаббат пен өзара түсіністік орнасын!

Құрбан айт мейрамы құтты болсын!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия