Ultcom KZ

«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңғажуық ауыл тұрғынына медициналық жәнезаңгерлік көмек көрсетті

Алматы қаласында «СаламаттыҚазақстан» медициналық-құқықтық пойызыныңкезекті бағыты өз мәресіне жетті. Биыл да жобашалғай өңірлерде медициналық және заңгерліккөмекті ұйымдастырудың ең тиімді тетіктерініңбірі екенін тағы дәлелдеді. Пойыздыңдәрігерлері мен заңгерлері 100 мыңға жуықауыл тұрғынына кәсіби қолдау көрсетті.
Жобана Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері жәнеотбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-KazynaTrust» корпоративтік қоры және ҚР Денсаулықсақтау министрлігі бірлесіп жүзеге асыруда.
20 мың шақырымнан астам жол жүргенпойыз еліміздің 17 өңіріндегі 123 ауылдыаралап шықты. Маршрут Қазақстанның батысындағы шалғай елді мекендерденбастап, солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтарды қамтыды.
Пойыз құрамында 29 тар бейінді дәрігержұмыс істеді. Сапар барысында мамандарға95 812 адам қаралды, олардың әр үшіншісі – бала. Дәрігерлердің кешенді тексерулерінәтижесінде 2 000-нан астам ауыр созылмалыауру ерте сатысында анықталды. Оның ішіндеонкологиялық дерттер, қант диабеті, глаукома, тромбоз, жүрек-қан тамырлары жүйесіаурулары бар. Ерте диагностика ауылтұрғындары үшін уақытылы ем-дом алуға жолашты.
Заңгерлік көмекке деген сұраныс биыл да жоғары болды. Пойыздың заңгерлері 3 712 өтінішті қабылдап, оның 67%-ын әйелдерқұрады. Өтініштер азаматтық-құқықтық және әкімшілік мәселелерді, жер және тұрғын үйдауларын, әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамту, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық жағдайларды қамтыды.
Заңгерлер тек кеңес берумен шектелмей, күрделі істерді сүйемелдеді. Маңыздынәтижелер қатарында интернет-алаяқтардан зардап шеккен азаматтарға қаражатты қайтару(оның ішінде оқиғадан кейін 1-2 жыл өткенсоң), «дропперлік» істерін сотқа дайындаужәне жолдау, әлеуметтік төлемдердірәсімдеуге көмек көрсету, апатты үйлердіауыстыруға жәрдемдесу, банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздарды оңтайландыру және қайтақұрылымдау бар.
«Соңғы жылдары ауыл тұрғындары үшін заңгерлік көмекке сұраныс айтарлықтай өсті. Бұл – цифрлық алаяқтықтың жиілеуі, құжатрәсімдеудегі қиындықтар және ауылдық жерлерде тегін құқықтық көмектің қолжетімділігінің төмен болуымен байланысты. Бұрын азаматтық-құқықтық мәселелер басым болса, қазір мамандарға қылмыстық істербойынша да жүгінушілер көбейді», – деп атапөтті Ұлттық комиссия мүшесі, «Samruk-KazynaTrust» КҚ бас директоры Альфия Адиева.
13 жыл ішінде жоба аясында 850 мыңнанастам адам медициналық және заңгерлік көмекалды. «Саламатты Қазақстан» пойызы бүгінде Орталық Азиядағы ауқымы ең кең, көшпелі медицина мен тегін құқықтық қолдауды қатарұсынатын ірі жобалардың біріне айналып отыр.