Ultcom KZ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Айман Мұратқызы Омарованы 2024 жылғы Стефанус сыйлығын алуымен құттықтайды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Айман Мұратқызы Омарованы 2024 жылғы Стефанус сыйлығын алуымен құттықтайды. Осындай жоғары дәрежедегі сыйлыққа ие болу - бұл оның тынымсыз күш-жігері мен рухының мықтылығын мойындау деп түсінеміз.

Айман Умарова, Ұлттық комиссияның мүшесі және заңгер, өзінің батылдығымен ерекшеленіп, қоғам назарынан тыс қалған жандардың құқықтарын қорғағаны үшін 2024 жылы Стефанус сыйлығына ие болды.

2005 жылдан бастап Норвегияның Stefanus Alliance International құқық қорғау ұйымы Діни сенім мен бостандығын қорғауға (FORB) елеулі үлес қосқандарға Стефанус сыйлығымен марапаттап келеді.

Сыйлық комитетін басқаратын Епископ Ингеборг Мидттомме

Айман Омарованың қосқан үлесін былай деп атап өтті: “Айман көптеген жылдар бойы өзін қорғай алмайтындардың дауысына айналды. Ол өзінің бастамаларын жалғастыратын қолдау желісін құра отырып, халықтың ең осал топтарының мүддесін қорғайды”.

Айман Омарова Қазақстандағы адам құқықтарын риясыз қорғаумен, оның ішінде экстремизм және терроризм туралы заңдар бойынша қудалауға түскендерді, сондай-ақ діни аз топтарды кемсітуден қорғауымен танымал.

“Айман Омарова - үлгі аларлық тұлға. Ол Қазақстанда адам құқықтарын батыл қорғап қана қоймай, халықаралық аренада да әділетсіздікке қарсы сөз сөйлейді”, — деп атап өтті Stefanus Alliance International бас хатшысы Эд Браун.