2024 жылғы 23 тамызда Ақтауда, Ашық есік күні аясында, Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері жөніндегі комиссиясы мен облыстық Аналар кеңесінің мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларымен «Бақытты отбасы» тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты - отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және әскери қызметшілер арасында отбасылық құндылықтарды қолдау.
Іс-шара барысында көпбалалы отбасылардан шыққан 20 балаға жаңа оқу жылына қажетті мектеп сөмкелері табысталды. Сондай-ақ, биыл 1-сыныпқа баратын Раяна Бірліковнаға «Самұрық» жекеменшік мектебінде 2024-2025 оқу жылына арналған грант берілді, бұл оның отбасы үшін маңызды оқиға болды.
Іс-шараға гарнизон бастығы м.а. полковник С. Қазахбаев, "Батыс" өңірлік қолбасшысының орынбасары полковник Е. Бозғұлов, сондай-ақ 50-ден астам әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері қатысты. Қатысушылар осындай кездесулердің әскери қызметшілер арасында отбасын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін маңыздылығын атап өтті.
№27544 әскери бөлімінде өткен Ашық есік күні әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға және үйлерінде қауіпсіз әрі үйлесімді атмосфера құруға бағытталған маңызды қадам болды. Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері жөніндегі комиссиясы мен облыстық Аналар кеңесі отбасы құндылықтарын қорғауға және қолдауға бағытталған осындай бастамаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.