«Саламатты Қазақстан» пойызы Қостанай облысындағы жұмысының алғашқы аптасында 2597 адамды қараса, оның 578-і бала болып отыр. Осы орайда 18 шілде жоба демеушілері тарапынан пойыз қасында өңірдегі Денисовка станциясы мен олардың маңайындағы ауылдар халқына республикалық деңгейдегі өнер қайраткерлерінің қатысуымен қайырымдылық концерті ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.
Бүгінде Сарыкөл бекетінде тұрған денсаулық керуені 24 шілде мен 8 тамыз аралығы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына соққан соң Қостанай облысына қайта оралып, ондағы сапарын 14 тамыз Терісаққан станциясында аяқтайды.
Мамыр айының басында сапарға шыққан пойыз ұжымы бұған дейін Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында болды. 30 мыңға жуық қазақстандықты тегін медициналық-құқықтық қызметпен қамтыған дәрігерлер еңбегінен тыс, жылжымалы құрамдағы медиатор мен заңгер 1684 арызды қарастырып, жергілікті тұрғындардың құқықтық, еңбек дауларын шешуге күш салды.
Пойыз вагондарында қабылдау 13:00-14:00 түскі үзіліспен сағ. 09:00-18:00 аралығында жүргізіледі. Азаматтарда өздерімен бірге жеке куәлігі болса жеткілікті.
«Көбінесе шалғай ауылдарда ауруханалар болмайды және тұрғындардың барлығы үнемі аудан орталығына бара алмайды. Оның үстіне биыл, баршаңызға белгілі, бірқатар өңірді су алып, қиындық туындады. Ал медициналық пойыз жағдайында балаларды қаратып, ересектердің өздеріне де мамандардан бірден кеңес алудың жақсы мүмкіндігі бар. Пойызға ең заманауи медициналық жабдықтар қойылып, тіпті шағын оталар жасау жағы қарастырылған», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.
Пойыздың қозғалыс кестесі мен толық ақпаратты sk-trust.kz, medpoezd.kz сайттарынан және жобаның әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.
Әлеуметтік жобаҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асуда.