Ultcom KZ

Ұлттық комиссия мүшесі Қарақат Жақсылыққызы Әбден Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

Қарағанды, 5 шілде 2024 ж. – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Президент жанындағы Әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Қарақат Жақсылыққызы Әбден Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Қарақат Әбден ауыл тұрғындарымен, фабрика-зауыт жұмысшыларымен, көпбалалы аналармен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, шаруалармен, облыстық әйелдер ісі және кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі комиссия мүшелерімен, белсенді қыз-келіншектермен, балалармен, жастармен, кәсіпкерлермен және мемлекеттік орган мамандарымен кездесті.

Қарақат Жақсылыққызы облыстық Әйелдер ісі жөніндегі комиссияның жетекшісі ретінде комиссия мүшелерімен бірге отбасын қолдау орталықтарының жұмысын жүйелеу, бала тәрбиесі, балалардың бос уақытын ұйымдастыру сияқты маңызды мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, шалғай аудандарға барып, ауыл халқымен кездесуге уағдаласты.

Қарақат Әбденнің жұмыс сапары жалғасуда және оның мақсаты өңірдегі әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту, олардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау көрсету бағытында нақты шаралар қабылдау болып табылады.