2024 жылғы 14 қазанда Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясы аясында өткен сайд-ивентте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Муслим Хасенов баяндама жасады. Іс-шара әйелдер мен балаларды қорғау үшін әлеуметтік қызметтің кадрлық әлеуетін арттыруға қатысты өзекті сұрақтарды талқылауға, сонымен қатар, Тұрақты даму мақсатына (ТДМ) қол жеткізудегі әлеуметтік жұмыстың сыни рөліне арналды.
Өз сөзінде Муслим Хасенов Қазақстанда кәсіби әлеуметтік жұмысты дамыту және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық бастамаларды қолдау Ұлттық комиссияның басты міндеті екенін атап өтті. Спикер әлеуметтік жұмыс туралы заңның қабылдануы бұл саладағы инфрақұрылымды нығайтып, қызметкерлердің мәртебесін арттыруға, сондай-ақ ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал ететініне тоқталды. Сонымен қатар, ол әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық қауымдастығын құру бұл саланы дамытудағы маңызды қадам екенін, әйелдер мен балаларды қорғауға арналған бағдарламалардың тиімділігін айтарлықтай арттыратынын баса айтты.
Баяндамада көтерілген негізгі мәселелер қатарында сала қызметкерлеріне жалақы төлеудегі гендерлік теңсіздік, әйелдердің қоғамдағы саяси және экономикалық өмірге белсене араласпауы, сондай-ақ осал топтармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру қажеттілігіне қатысты болды. Ұлттық комиссия мүшесі сонымен қатар, әлеуметтік саланы басқаруда әйел көшбасшыларға қолдау көрсетуге назар аудару қажеттігін, себебі бұл барлық деңгейде әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінің оң шешілуіне ықпал ететінін атап өтті.
Өз баяндамасының соңында Муслим Хасенов БҰҰ әлеуметтік жұмыс туралы Модельдік заң әзірлеу және қабылдау жөнінде ұсыныс білдірді.
Осындай заң мемлекеттерге әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін заңнамалық тұрғыдан нығайтуға, олардың құқықтары мен еңбек жағдайларын жақсартуға және кәсіби қолдаудан тұратын нақты нұсқаулықтар берілген бағыт-бағдар құралы болар еді.
Халықаралық сарапшылар, оның ішінде Вашингтон университетінің профессоры (Сент-Луис, АҚШ) Майкл Шерраден өз тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанда іске асырылып жатқан балаларға арналған шартсыз концепция негізіндегі (CDA) Ұлттық балалар қоры бағдарламасының жетістіктерін жоғары бағалады. Бұл бағдарлама балалары бар отбасыларға әлеуметтік тұрақтылық пен қаржылық қолдауды қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Сайд-ивенттің соңында іс-шараның модераторы, әрі Ұлттық кәсіби әлеуметтік қызметкерлер альянсының (ҰКӘҚА) атқарушы директоры Динара Есимова Қазақстан үшін халықаралық ұйымдармен және әлеуметтік саладағы жетекші мектептермен ынтымақтастық басымдықтың басты бағыты екенін атап өтті. Іс-шараның қорытынды ұсыныстары әрі қарай практикаға енгізу үшін ұлттық және халықаралық институттарға жолданатын болады.
Іс-шара Қазақстанмен мемлекет ретінде әйелдер мен балаларды әлеуметтік қорғауды нығайту бағытында ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін растаған БҰҰ, халықаралық ұйымдар және академиялық қоғамдастық өкілдерінің басын қосты.