Ultcom KZ

Ағымдағы жылдың 30 мамыры күні Батыс Қазақстан облысында «Talpyn» мүмкіндіктер алаңы» тақырыбында ірі іс-шара болып өтті

Ағымдағы жылдың 30 мамыры күні Батыс Қазақстан облысында «Talpyn» мүмкіндіктер алаңы» тақырыбында ірі іс-шара болып өтті. Ол азаматтарды жұмысқа орналастыруда және жұмыспен қамтуда қолдау көрсету бойынша Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерге негізделген. «Talpyn» мүмкіндіктер алаңы аясында өңір тұрғындары үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлердің көрмелері, кәсіпкерлер мен жастардың ашық кездесулері, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша шебер сағаттар ұйымдастырылды.

Халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамту және оларды әлеуметтік қорғау қоғамдағы өзекті мәселе болып қалуда. Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағаны белгілі. Осыған байланысты біздің өңірде жұмысшы мамандықтарының басымдығын арттыруға бағытталған әртүрлі танымдық іс-шаралар өткізілуде. «Talpyn» мүмкіндіктер алаңында жұмысшы кәсіптерінің мәртебесі тақырыбы қозғалды. Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиев сөйлеген сөзінде «кәсіптік білім алудың мүмкіндіктерін», «жастардың жұмысшы мамандықтарын таңдауы» тақырыптарын ашып көрсетті.

Аталған іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенко қатысты. Ол өңірде іске асырылып жатқан «Бір ауыл-бір өнім» жобасының даму барысымен танысуға баса назар аударды. Кәсіпкер әйелдермен әңгімелесіп, олар шығаратын өнімдермен танысты, сондай-ақ жобаның одан әрі тиімді дамуы үшін шешуді қажет ететін өзекті мәселелерді және проблемаларды талқылады.

Е.И.Тарасенко «бұл алаң өңір тұрғындарын жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, мемлекеттік бағдарламалардың басымдықтары туралы хабардар етуге бағытталған, бұл ретте халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамту үшін қолда бар әлеуетімізді анық айқындап берді», деп атап көрсетті.