Жалпы «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының дәрігерлері мамыр айының басынан жұмысына кіріскелі 9951 қазақстандықтың денсаулығын тексеріп үлгерді. Бұл жерде қаралушылардың 5078-і бала болып отыр.
Доңғалақ үстіндегі емхана Маңғыстау облысындағы сапарын аяқтағаннан кейін өткен апта Атырау облысындағы Құлсары, Дина Нұрпейісова және Ганюшкина бекеттерінде болды. Тиісті станциялар мен олардың маңайындағы ауыл-аймақ тұрғындары тісін жұлдырып, жүрегін тыңдатты, ЭКГ, УДЗ, рентген қондырғыларына түсті. Сонымен қатар, атыраулықтарды хирург пен невропатолог, көз, құлақ-мұрын, тамақ, психолог және тағы басқа мамандар иелері қабылдады.
Денсаулық керуенінің қызметі арқылы мұнайлы өлкеде 17 маусымға дейін 11 бекет қамтылады. Жоба дәрігерлері орташа алғанда әр станцияға 1-2 күн тоқтап, ауыл тұрғындарына күнделікті 09:00-18:00 аралығында 13:00-14:00 түскі үзіліспен алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.
Әлеуметтік жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асуда.