15 мамыр - Халықаралық отбасы күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер істері және демографиялық саясат жөіндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.Тарасенко, Ұлттық комиссия мүшесі Н.Жангазинова Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында облыстық гуманитарлық көмек қабылдау штабында болды.
Ұлттық комиссия мүшелері штаб жұмысымен танысып, Жетісу, Түркістан облыстарынан жіберілген 30 тонна гуманитарлық көмекті салтанатты түрде табыстады.
Орал қаласына жіберілген гуманитарлық көмек тізімінде жаңа киім-кешектер, азық-түлік өнімдері, жеке гигиена құралдары, төсек-орын жабдықтары, генераторлар және т.б. қажетті заттар бар.
Гуманитарлық көмекті табыстау кезінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов Ақжайық жұртшылғы атынан Ұлттық комиссия мүшелеріне алғысын білдіріп, облыстық ардагерлер Кеңесінің мүшелері, ақсақалдар ақ батасын берді.
Сонымен қатар Ұлттық комиссия мүшелерінің облысқа сапары барысында, жалпы сомасы 1 500 000 теңгені құрайтын тұрмысқа қажетті заттар сатып алынып, Орал қаласы бойынша эвакуациялық пункттерде орналасқан отбасылар мен балаларға табысталатын болады.