Сенатор, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Ляззат Қалтаева гендерлік теңдік мәселелері бойынша БҰҰ-әйелдер құрылымының Озық тәжірибе орталығының жұмысын зерделеу мақсатында Сеулде (Оңтүстік Корея) өткен қазақстандық делегацияны басқарды.
Орталық Азия-Тынық мұхиты аймағындағы өзіндік интеллектуалды хаб болып табылады және үш негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді:
Озық тәжірибе орталығына бару Қазақстанның елдегі және аймақтағы әйелдердің жағдайын жақсарту және гендерлік теңдікті ілгерілету жөніндегі тұрақты күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия осы маңызды мәселелер бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда, озық халықаралық тәжірибеге және жетекші ұйымдармен ынтымақтастыққа сүйене отырып жұмыс істеуде.
Орталық Азия-Тынық мұхиты аймағындағы өзіндік интеллектуалды хаб болып табылады және үш негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді:
- Арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу: Орталық мемлекеттік құрылымдар, ғылыми орта, азаматтық қоғам ұйымдары және жеке сектордың әртүрлі мүдделі тараптары үшін арнайы оқу бағдарламаларын белсенді түрде әзірлеп, ұсынады. Бұл бағдарламалар гендерлік теңдік саласындағы хабардарлық пен құзыреттілікті арттыруға бағытталған және инклюзивті әрі тұрақты қоғамдарды дамытуға ықпал етеді.
- Зерттеулер жүргізу және гендерлік статистиканы жүргізу: Орталық гендерлік теңдік саласындағы озық зерттеулермен айналысады және гендерлік статистиканы жинайды. Бұл аймақтағы гендерлік теңдіктің ағымдағы жағдайын бағалауға ғана емес, сонымен қатар оны жақсарту үшін тиімді стратегиялар мен саясаттарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
- Көпжақты әріптестіктерді дамытуға жәрдемдесу: Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – ұлттық және аймақтық деңгейдегі әріптестіктерді дамыту және нығайту болып табылады. Орталық үкіметтік ұйымдар, жеке сектор және азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды ынталандырады, гендерлік теңсіздік мәселелерін шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуге жәрдемдеседі.