Бүгін Астанада Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисы Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева бастаған парламенттік делегацияның ресми сапары аясында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның бірлескен алаңында ұйымдастырылды. Кездесуге Өзбекстан Сенатының өкілдері, Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары, Ұлттық комиссия мүшелері, еліміздің өңірлерінен келген әйел-кәсіпкерлер, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Клуб сарапшылары қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыптары – әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен әлеуметтік стереотиптердің алдын алу, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және парламенттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
Өз сөзінде Танзила Нарбаева соңғы төрт жыл ішінде Өзбекстанда әйелдердің мүдделерін қорғауға бағытталған шамамен 40 заң қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, елде қаралатын әрбір құжат міндетті түрде гендерлік сараптамадан өтеді. Әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге қатысу деңгейі шамамен 40 пайызға жеткен. Осы мақсатта белсенді әйелдер Мемлекеттік басқару академиясында арнайы оқудан өтеді, ал кәсіпкер әйелдерге гранттар бөлінеді. Бұған қоса, банктер әйелдерге кепілсіз несие ұсынып, олардың бизнес-жобаларын идеядан бастап нарыққа шығуға дейін сүйемелдейді. Танзила Нарбаева әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту қоғамның тұрақты дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Ол сондай-ақ стереотиптермен күрес пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларына тоқталып, әйелдердің адалдығы мен жауапкершілігі сыбайлас жемқорлықтан ада ортаны қалыптастыруға ықпал ететінін айтты.
Кездесудің модераторы – Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Сенат Төрағасының кеңесшісі Жұлдызай Ысқақова – Қазақстандағы әйелдердің бизнестегі жоғары белсенділігіне назар аударды: бүгінде кәсіпкерлік субъектілерінің шамамен 50 пайызын әйелдер басқарады, бұл Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіш. Сонымен бірге, әлеуметтік осал топтардың басым бөлігі – әйелдер. Сондықтан әйелдердің жеңілдетілген несиелер мен гранттарға қолжетімділігін кеңейту негізгі міндет болып қала беретінін атап өтті. Ол сондай-ақ гендерлік күн тәртібінің Қазақстан Сенатында жүйелі түрде ілгерілетіліп келе жатқанын жеткізді. Бұл тақырып Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қолдауымен Палатаның отырыстары мен сараптамалық алаңдарында тұрақты түрде көтеріледі.
Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан институционалдық өзгерістерге тоқталды. Оның айтуынша, Конституциялық соттың және омбудсмен институтының қайта қалпына келтірілуі адам құқықтарын қорғау тетіктерін едәуір күшейтіп, тең құқықтылыққа жаңа мүмкіндіктер ашты. Сонымен бірге, оның пікірінше, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және қаржыландыруға қолжетімділік басым бағыттар қатарында қала бермек.
Кездесу барысында Алматы, Астана және өзге өңірлерден келген әйел-кәсіпкерлер мемлекеттік және халықаралық бизнесті қолдау бағдарламаларының практикалық маңызына тоқталып, өз тәжірибелері мен жаңа бастамаларымен бөлісті.
Жиын қорытындысында қатысушылар мұндай диалог алаңдарының тұрақты түрде өткізіліп, Орталық Азия әйелдерінің әлеуетін біріктіруге және өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етуі тиіс екеніне сенім білдірді.