«Саламатты Қазақстан» жобасы 2010 жылдан бері ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық комиссияның, Samruk-Kazyna Trust қоры мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып келеді.
Ауылдық елді мекендерге жол тартқан «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысынан аралық қорытынды шығарды. Жарты жыл ішінде пойыз 16 өңірдегі 100 станцияны аралап, 73 780 тұрғынға тегін медициналық көмек көрсетті, олардың 44 мыңы – әйелдер.
Дәрігерлердің мәліметінше, ауылдағы әйелдер арасында ең жиі кездесетін аурулар – миома, эндокриндік бұзылулар, жүрек аурулары, көру қабілетінің нашарлауы және қант диабеті. Мамандардың айтуынша, көптеген әйелдер медициналық көмекке ауруы асқынған кезде ғана жүгінеді, өйткені ауылдарда тар бейінді мамандар жетіспейді, ал ең жақын клиникалар жүздеген шақырым қашықтықта орналасқан.
«Біз тек ем жүргізбейміз, сонымен қатар алдын алу тексерулерінің маңыздылығын түсіндіреміз. Әр пациентке жеке емдеу жоспары жасалады, қажет болған жағдайда облыстық немесе республикалық клиникаға жолдама беріледі», – дейді медициналық пойыз дәрігерлері.
Ең көп сұранысқа ие мамандар – офтальмолог, невролог, кардиолог, терапевт және ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) дәрігері. Пойыз құрамында 14 бағыт бойынша 29 дәрігер жұмыс істейді, олардың арасында хирург, педиатр, гинеколог және психолог бар. Пациенттерге УЗИ, ЭКГ, флюорография, зертханалық талдаулар және басқа да тексерулер жүргізіледі; қажет болған жағдайда шағын хирургиялық араласулар жасалады.
Дәрігерлерден бөлек, ауыл тұрғындарына ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның заңгерлері мен медиаторлары да көмек көрсетеді. Олар еңбек даулары, әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу және құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді.
Қазіргі уақытта пойыз Түркістан облысында. Алдағы уақытта ол Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарына барады.