Ақтауда түркі әлемінің әйел көшбасшыларын біріктірген халықаралық TURKWOMEN форумы өз жұмысын бастады. Форумның негізгі мақсаты – түркі елдеріндегі әйелдердің көшбасшылық әлеуеті мен даналығын ортақ мақсаттарға жұмылдыру, сондай-ақ аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Қазақстан тарапынан форумға ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ляззат Сүлеймен қатысты. Ол өз сөзінде Ұлттық комиссияның еліміздегі әйелдердің жағдайын жақсартудағы рөліне тоқталып, әйелдердің әлеуетін арттыру, отбасы мен қоғамдағы тепе-теңдікті сақтау, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік жобалар мен бағдарламалардың іске асырылып жатқанын атап өтті.
– «Тек білімді әйел ғана білімді ұрпақ тәрбиелей алады. Дәстүрлерді сақтай отырып, қазіргі әлемде бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуымыз қажет», – деді Ляззат Сүлеймен.
Форум аясында қатысушылар әйелдердің қоғам мен экономиканың әртүрлі салаларындағы рөліне қатысты мәселелерді талқылады. Бағдарламада қала мен ауылдағы кәсіпкерліктің даму үлгілері, институционалдық өзгерістер, мәдени мұраны сақтау, сондай-ақ заманауи медианың ықпалы қарастырылды. Бұған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу тетіктері таныстырылды.
Форумға Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген әйел көшбасшылар, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлерінен делегаттар қатысты.