2025 жылғы 19 қыркүйекте Ұлытау облысында әйелдер әлеуетін арттыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және қоғамдағы әйелдердің рөлін күшейтуге бағытталған «Томирис» ақпараттық-білім беру форумы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен, облыс әкімі жанындағы комиссия ұйымдастырды.
Форум жұмысына ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары ЛяззатСүлеймен арнайы қонақ ретінде қатысып, әйелдердің қоғамдағы орнына қатысты өз ойымен бөлісті. Ол өз сөзінде:
«Саясатта әйелдер көбірек болса, әлем ұтады. Әйелдердің көшбасшылық қабілетін дамыту – қоғам дамуының басты тетігі», – деп атап өтті.
Форум аясында қатысушыларға тәжірибелік тренингтер мен мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Інжутас Байзақова эмоцияларды басқару мен ішкі мазасыздықты жеңілдетудің тәсілдерін үйретсе, «Қазахмыс Корпорациясы» ЖШС әлеуметтік саясат менеджері әрі «Берекелі отбасы» қорының төрағасы Мереке Мырзабекова әйелдердің әлеуетін ашу арқылы қоғам дамуына серпін беретінін атап өтті.
Форум қатысушылары үшін бұл тек пікір алмасу алаңы ғана емес, өзара қолдау мен жаңа бастамаларға шабыт беретін ортаға айналды. Мұнда эмоцияларды басқару, ішкі үйлесімділікті табу және саясаттағы әйелдердің рөлін күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.
«Томирис» форумы әйелдердің әлеуетін ашуға, олардың көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Мұнда көтерілген ойлар мен тәжірибелер әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Әйелдердің әлеуеті – отбасының берекесі, қоғамның күші.