Қазақстанда Отбасы күнін атап өтудің жаңа тұжырымдамасы ұсынылады
2024 жылғы 3 қыркүйекте сағат 11:30-да ОКҚ алаңында Қазақстандағы Отбасы күнін атап өтуге арналған брифинг өтеді. Оған Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, сондай-ақ отбасы қатынасы саласындағы сарапшылар қатысады.
Осы жылы мерекенің жаңа тұжырымдамасы ұсынылды. 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтеді. Әр күннің белгілі бір тақырыбы болады. Бұл формат мерекені ауқымды етуге жәнетиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесуде сарапшылар отбасы саясатының негізгі бағыттары, мемлекеттік қолдау шаралары туралы әңгімелейді және «Қазақстандық отбасылар» Ұлттық баяндамасында ұсынылған әлеуметтік зерттеулердің қорытындысын бөліседі.
Өтетін күні, уақыты: 2024 жылғы 3 қыркүйек, сағат 11: 30 Орны: ОКҚ, Д. Қонаев көшесі, 4, Қазмедиа орталығы