23 тамыз күні Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелеріне арналған стратегиялық фасилитациялық сессия өтті.
Жиынға Ұлттық комиссияның 22 мүшесі қатысты. Сессияны стратегиялық жоспарлау және гендерлік саясат жөніндегі сарапшы Леся Каратаевамен фасилитация және корпоративтік оқыту саласының маманы Әсел Какенова жүргізді.
Кездесудің басты мақсаты – командалық өзара іс-қимылды күшейту және жыл соңына дейінгі жұмыс басымдықтарын айқындау болды. Комиссия мүшелері қазіргі жағдайды талқылап, негізгі міндеттер мен тәуекелдерді айқындады, әрі ортақ ұстаным мен алдағы жұмыстың бағытын белгіледі.
Сессияның екінші бөлігінде Ұлттық комиссия төрағасы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, әріптестеріне белсенділігі мен ықыласы үшін алғыс білдірді. Ол бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, гендерлік теңдік пен отбасы саясаты саласындағы жаңа міндеттерге тоқталды.
Қазақстан адам құқықтары мен гендерлік теңдік саласында нық қадамдар жасауда. 2023 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен ерлердің теңдігіне арналған арнайы бөлімі бар Адам құқықтары жөніндегі іс-қимыл жоспарына қол қойды. 2024 жылы жаңа бастамалар қолға алынды: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктері күшейтілді, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді, сондай-ақ харассментке қарсы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды. Бұл іске еріктілер де өз үлесін қосуда.
Бұл бастамалардың жалғасы Ұлттық комиссияның жұмысында көрініс табады. Ол мемлекет, сарапшылар қауымдастығы мен азаматтық қоғамды тоғыстыратын басты алаңға айналды.Президенттің стратегиялық бағытын қолдай отырып, Комиссия теңдік құндылықтарын ілгерілетіп, отбасы институтын Қазақстанның болашағының берік іргетасы ретінде нығайтуға басымдық беруде.