Ultcom KZ

Қостанай облысында отбасын қолдау және зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары талқыланды

2025 жылғы 8-9 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Ренат Зұлхаиров Қостанай облысына жұмыс сапарымен келіп, отбасы, ана мен балаға қолдау көрсететін негізгі мекемелердің жұмысымен танысты.

Сапар барысында ұлттық комиссия мүшесі Отбасын қолдау орталықтары, Отбасын жоспарлау кабинеттері, «JastarMED» жастар денсаулығы орталығы және «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар ауылын аралады. Жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың пен ерте жүктіліктің алдын алу және отбасы институтын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Облыстық комиссия мүшелерімен, Іскер әйелдер қауымдастығының, Аналар кеңесінің өкілдерімен, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімшесінің қызметкерлерімен, сондай-ақ отбасы мен жастарға қолдау көрсететін мекемелердің мамандарымен кездесулер өтті. Кездесулер барысында гендерлік саясат, аналарды және балаларды қорғау саласындағы басым бағыттар, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Жұмыс сапары ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бірлескен қадамдар жасауға ықпал етті.