Ultcom KZ

Құрметті қазақстандықтар!

Маусым айының үшінші жексенбісінде елімізде отбасы құндылықтарын нығайту және әкенің қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы қаулысымен белгіленген Әкелер күні атап өтіледі.

Әке – отбасының тірегі, балаға бағыт-бағдар беретін рухани шамшырақ, перзенттерінің болашағына берік негіз қалайтын тұлға. Оның махаббаты, қамқорлығы мен жауапкершілігі – берекелі де баянды отбасының кепілі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия барша әкелерді осы мерекемен шын жүректен құттықтайды.

Сіздердің мейірімдеріңізге, сабырларыңызға, өмірлік даналықтарыңыз бен балаларыңызға деген сенімдеріңізге алғысымыз шексіз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасы жылуы, жақындарыңыздың құрметі мен сүйіспеншілігін тілейміз. Әр шаңырақта түсіністік, татулық пен шаттық орнасын!

Мереке құтты болсын!