Алматы қаласы және Жетісу облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттеріне қарасты №57 мекемеде ерекше форматтағы іс-шара өтті. Жазасын өтеуші ер азаматтарға гуманитарлық көмек жеткізіліп, оларға заңгерлік және психологиялық кеңес берілді.
Іс-шара ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігі жанындағы осындай комиссияның қолдауымен өтті.
Бұл бастама – сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімделу жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Іс-шараның негізгі мақсаты – олардың тұлғалық дамуына, рухани өсуіне және құқықтық сауаттылығын арттыруға жағдай жасау. Осы мақсатта жазасын өтеушілерге 1113 дана көркем әдебиет кітабы табысталды.
Іс-шара «Human Rights Lawyers» қоғамдық қоры іске асырып жатқан «One Stop Service – Бір қадам» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба азаматтардың құқықтарын қорғауға, құқықтық мәдениетті арттыруға және әлеуметтік осал топтарға кешенді қолдау көрсетуге бағытталған.
Кездесулер барысында мамандар сотталған азаматтарға құқықтық кеңес беріп, психологиялық әңгімелесу жүргізді және олардың сауалдарына жауап берді. Әдеби және рухани бағыттағы кітаптар сотталғандарға ойлануға, өз өмірін қайта бағалауға және жаңа мақсаттар қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мұндай жобалар гуманитарлық қолдау көрсетумен ғана шектелмейді. Олар жазасын өтеушілердің қоғамға қайта бейімделуіне, рухани және адамгершілік құндылықтарын қалпына келтіруге ықпал етеді. Мемлекеттік құрылымдардың азаматтық қоғам ұйымдарымен бірлескен жұмысы әлеуметтік әділеттілік пен инклюзивті қоғам құру ісінде маңызды рөл атқарып келеді.