Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қазақстандық аруларды көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды.
Әйел – тіршіліктің нәрі, ұлттың тамыры, ұрпақтың бесігі. Қасиетті ана алақаны мен данагөй арулардың парасаты ғасырлар бойы қазақ халқының рухани өзегін сақтап, ұлы мұраттарға жетеледі. Бүгін Қазақстанның әйелдері ғылым мен білімде, саясат пен экономикада, мәдениет пен өнерде, ауыл мен қала тіршілігінде, ел басқару ісінде, отбасы мен қоғам тіршілігінде өз орнын айшықтап, елдің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында қазақстандық арулардың ел дамуына қосқан ерекше үлесін атап өтіп, олардың қоғамдағы маңызды рөліне назар аударды.
Президент атап өткендей:
“Қазақстанның сан түрлі салада жетістікке жетуіне қыз-келіншектеріміз мол еңбек сіңіруде. Халқымызда ерлік пен елдіктің туын биік ұстаған арулар аз емес. Олардың есімі ел шежіресіне алтын әріппен жазылған. Тұмар мен Бопай ханымдардың, Домалақ ана, Зере және Ұлпан аналардың, Әлия, Мәншүк, Хиуаз секілді батыр қыздарымыздың аты ел жадында. Сіздерді ақылы мен ажары, даналығы мен даралығы келіскен қазақ әйелінің ізбасары деуге болады. Әйелдер қауымы күрделі кезеңдерде аянбай еңбек етті, Отанымыздың өсіп-өркендеуіне белсене атсалысты.”
Сонымен қатар, Президент әйел-аналардың қоғамдағы рөліне тоқталып:
“Әйел – шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы. Ана – тіршілік пен берекенің бастауы, адамзат бойындағы бар ізгіліктің қайнар көзі. Ананың аялы алақаны мен шексіз мейірімі әр үйге жылылық береді. Салт-дәстүріміз бен ана тіліміздің бүгінгі күнге жетуі де – ең алдымен, аналардың арқасы. Өмірдің мәні де, тіршіліктің сәні де – сіздер!” – деп атап өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ел өміріне шырақ болып, тіршілікті нұрға бөлеп, ізгілікті ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келе жатқан әйелдерімізді жүрек жарды ықыласпен құттықтай отырып, оларға сарқылмас қуат, бақ пен береке, баянды бақыт тілейді.
Ұрпаққа өнеге, елге қорған, жұртқа пана болған дана аналарымыз бен өр рухты қыздарымыздың ғұмыры шуақты, істері берекелі болсын!