«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өткен апта Жамбыл облысының халқына тегін қызметін көрсетуін тәмамдады. Доңғалақ үстіндегі емхананың осы жылғы жұмысы желтоқсан айында Алматы және Жетісу облыстарында аяқталатын болады.
25 қараша мен 1 желтоқсан аралығы жылжымалы құрамдағы медицина қызметкерлері 4 342 адамның денсаулығын қараса, олардың 1 021-і бала болып отыр. Аталған пойыздағы медиатор мен заңгер мамандар тиісті мерзімде әлеуметтік-еңбек құқығы мәселелері бойынша 28 тұрғынға кеңес берді.
Мамыр айының басында сапарға шыққан пойыз ұжымы бұған дейін Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарында болды. Бүгінде 90 694 қазақстандықты (оның ішінде 20 898 бала) медициналық қызметпен қамтыған дәрігерлер еңбегінен тыс, медиатор мен заңгер 2 901 арызды қарастырып, жергілікті азаматтардың құқықтық, еңбек кикілжіңдерін шешуге күш салды.
Пойыз вагондарында қабылдау 13:00-14:00 түскі үзіліспен сағ. 09:00-18:00 аралығында жүргізіледі. Азаматтарда өздерімен бірге жеке куәлігі болса жеткілікті.
Пойыздың қозғалыс кестесі мен толық ақпаратты sk-trust.kz, medpoezd.kz сайттарынан және жобаның әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.
Әлеуметтік жобаҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асуда.