Ultcom KZ

Қазақстан өкілі алғаш рет БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою комитетіне (CEDAW) сайланды

Нью-Йорк, 2024 жылғы 7 маусым - БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі конвенциясына қатысушы мемлекеттердің 23-ші кеңесі шеңберінде БҰҰ штаб-пәтерінде 2025-2028 жылдар кезеңіне Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі комитет (CEDAW) мүшелерін сайлау өтті.

Алғаш рет Қазақстаннан кандидат - белгілі қазақстандық дипломат Мадина Жарбусынова CEDAW құрамына сайланды. Бұл маңызды тарихи оқиға, өйткені бұған дейін БҰҰ-ның осы негізгі органында Орталық Азия елдерінің ешқайсысы ұсынылмаған.

Орталық Азия елдері арасында Қазақстан гендерлік теңдік саласындағы прогресс бойынша көшбасшы болып табылады. Қазақстан 146 ел арасындағы гендерлік теңдікті бағалау үшін әзірленген 2023 жылғы Жаһандық гендерлік алшақтық индексінде 62-ші орынға ие болып, позициясын жақсартып, 18-орынға көтерілді.

Қазақстанмен қатар CEDAW-да 11 орынға 20 мемлекеттің өкілдері үміткер болды - Оман, Швейцария, Ливан, Нидерланды, Гватемала, Андорра, Австралия, Непал, Грузия, Чили, Барбадос, ҚХР, Зимбабве, Бурунди, Камерун, Мозамбик, Солтүстік Македония, Уругвай, Ұлыбритания және Того.