Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен іске асырылатын "Саламатты Қазақстан "медициналық пойызы" әлеуметтік жобасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен және "Самұрық-Қазына" АҚ-мен бірлесіп батыс өңірінде өз жұмысын жалғастыруда. Жыл сайын ауыл тұрғындары бұл пойыздың келуін асыға күтеді.
6 шілдеде пойыз Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Белес станциясына келді. Бұл елді мекенде 1300-ден астам адам тұрады.
Жұмыс барысында медициналық пойыздың бас дәрігері Айнұр Егінбаева мен заңгер Айшат Ғаббасова ауыл тұрғындарына 22 медицина қызметкерінен қандай көмек ала алатыны туралы айтып берді. "Жылжымалы емханада" пациенттер медициналық сақтандырудың болмауына қарамастан тегін қабылданады. "Өйткені, адамдардың денсаулығы-болашақ мемлекеттің негізі. Халықтың денсаулығын нығайту әрқашан мемлекеттік саясаттың басымдығы болып табылады", - деп атап өтті Айнұр Егінбаева. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына жоғары білікті заңгерлік және медиаторлық көмек көрсетіледі.
Жиналғандарға Б. Ахметжанова, Бәйтерек ауданы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Т. Рогозина, Батыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы, Б. Жүнісова, Бәйтерек ауданы Белес кентінің ауылдық округінің әкімі,Т. Мұсағалиев, аудандық аурухана басшысы және басқалар.
Содан кейін тұрғындарға қызмет алу үшін пойыз тіркеушісіне жүгіну ұсынылды.
Ауыл тұрғындары өздері барған барлық мамандардың ұйымшылдығын, ұтқырлығын және сапалы жұмысын атап өтті.
Пойыздың жұмысы жалғасуда.
Мобильді ұжымның жұмыс кестесі-таңғы сағат 9-дан - 18-ге дейін.