2024 жылғы 1 қарашада Алматы қаласындағы БҰҰ Қазақстандағы өкілдігінің ғимаратында «Қазақстанда сапалы дене тәрбиесі саясатын ілгерілету:
дене тәрбиесінің сапасын кешенді түрде жақсарту» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шараны Алматыдағы ЮНЕСКО-ның өңірлік бюросы мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене мәдениеті орталығы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы ұйымдастырды.
Семинарға дене тәрбиесі мұғалімдері, білім беру, денсаулық сақтау, туризм және спорт басқармаларының өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен ЮНЕСКО арасындағы 2023 жылы өзара түсіністік туралы меморандум аясында басталған «Қазақстанда сапалы дене тәрбиесі» жобасының маңызды нәтижелерін талқылауға арналды. Жоба жас ұрпақ арасында сапалы дене тәрбиесінің қағидаттарын насихаттау және дене мәдениетін дамыту арқылы ұлт денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Семинар барысында бастама аясында әзірленген «Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі саласын талдау» аналитикалық есебі және «Қазақстанда сапалы дене тәрбиесі саясаты» сияқты маңызды құжаттар ұсынылды. Сондай-ақ, жоба шеңберінде еліміздің бес ірі қаласында 500-ден астам дене тәрбиесі мамандарының қатысуымен өткізілген кездесулердің қорытындысы жасалып, дене тәрбиесі саласының болашағы мен шешілуі тиіс мәселелері талқыланды.
Іс-шараның модераторы ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко сөз сөйлеп, дене тәрбиесі саласында гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілету және инклюзивті оқыту әдістерін енгізу мәселелерінің өзектілігін атап өтті. Ол сондай-ақ, дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, әртүрлі санаттағы жастар үшін тең мүмкіндіктер жасау қажеттілігіне назар аударды.
Семинар аясында дене тәрбиесін дамыту саласындағы үздік тәжірибелерімен бөліскен спорт федерациялары өкілдері мен сарапшылардың баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, ЮНЕСКО клубтарының мүшелері болып табылатын студенттер мен дене тәрбиесі мұғалімдері арасында қосымша сессиялар өткізілді. Бұл кездесулер жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және дене белсенділігін арттыруға ықпал етті.