Астанада ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия «Парламентаризм институты» РМК-н бірлесіп «Уды тоқтат! – Қауіпсіз балалық шақ: тұтыну сапасын бақылау және контрафактіден қорғау» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара балаларға арналған қауіпті, контрафакт және категорияланбаған тауарлардың заңсыз айналымы мәселелерін талқылауға және мемлекет, бизнес, азаматтық қоғам және ата-аналар қауымдастықтары арасындағы тиімді өзара әрекеттесу шараларын әзірлеуге арналды.
Дөңгелек үстелді ашқан Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ляззат Сулеймен мәселенің әр қазақстандыққа, ең алдымен – болашақ ұрпаққа қатысты екенін атап өтті. Ол фаст-фуд, энергетикалық және газдалған сусындар, кофе құрамындағы өнімдер, сондай-ақ тұз және қант мөлшері жоғары өнімдер балалардың тамақтану әдетін қалыптастырып, денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін айтты. Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай және Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау өз сөздерінде бастаманы қолдап, балаларды қорғауда жүйелі тәсілдің маңыздылығын атап өтті.
«Балалардың қауіпсіздігі мен тұтынатын өнімдерінің сапасы – мемлекеттің басты міндеті. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана контрафактілі және сапасыз өнімдерге қарсы тиімді бақылау орнатуға болады», – деді Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай.
Іс-шара барысында түрлі сала мамандары өз ойларын ортаға салды. Ұлттық комиссия мүшесі Сұңқар Хангелдина энергетикалық және тәтті сусындардың жасөспірімдер денсаулығына әсерін, оның ішінде инсулинге төзімсіздік және артық салмақ қаупін атап өтті. Қазақстанның тамақтану академиясы мен алдын алу медицина академиясының президенті Алмас Шарман ғылым мен ведомствоаралық ынтымақтастықтың балаларды қауіпті және контрафакт өнімдерден қорғаудағы рөлін түсіндірді. Ғалым-медик және халықаралық денсаулық сақтау саласының маманы Алмас Шарман иммунология саласында ұзақ жылдар бойы ғылыми зерттеулер жүргізген және 40 ғылыми мақаланың авторы, оның ішінде 4 монография бар.
«Techno Woman» ҚБ басқарма төрайымы Азиза Шөжеева тауарлардың әлі күнге дейін сатылуының себептері туралы сөз қозғады, ал Тауарларды техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бақылау басқармасының басшысы Айгерім Садубаева өнімдерді өткізу кезеңінде бақылау жүргізу тәжірибесімен бөлісті. Медициналық университеттің нутрициология кафедрасының доценті Сауле Тарджибаева контрафакт және фальсификацияланған өнімдердің балалар тамақтануына қауіптерін атап өтті, ал Еркебұлан Тағашов тұтынушылардың құқықтарын қорғау аясында тауар қауіпсіздігі мәселелерін талқылады. «Tanba» тауарларды таңбалау және қадағалау біріккен операторының бас директоры Бикеш Кұрманғалиева цифрлық таңбалаудың балаларды контрафакт және қауіпті өнімдерден қорғаудағы рөлін көрсетті. ҚР білім беру саласының ардагері, педагог Зәуре Еденбаева ата-аналардың зиянды өнімдерге және олардың қолжетімділігіне деген көзқарасын ортаға салды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, әлемде шамамен 2 миллиард адам семіздіктен зардап шегеді, ал бес жасқа дейінгі балалардың саны 40 миллионға жуық. Қазақстанда әр бесінші бала артық салмаққа ие, шамамен 7%-ы семіздікпен ауырады. Балаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу маңызды қадам болғанымен, қатысушылардың пікірінше, заңнамалық шараларды білім беру, ақпараттық және экономикалық іс-шаралармен толықтыру қажет, бұл балаларды толық қорғауға мүмкіндік береді.
Дөңгелек үстел барысында балаларға арналған тауарлардың сапасын бақылауды күшейту, контрафактты болдырмау және ата-аналардың хабардарлығын арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді. Сондай-ақ «Уды тоқтат!» атты қоғамдық ағартушылық науқанның іске қосылуы жарияланды. Бұл науқан балалардың денсаулығын қорғауға және саналы тұтынушылық әдеттерді қалыптастыруға бағытталған. Ұлттық комиссия балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылау, ағарту және алдын алу шаралары бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастыруда, ал «Уды тоқтат!» науқаны халықты хабардар етуді арттыру және қауіпті өнімдердің таралуына қарсы тұру бағытындағы негізгі бастамалардың бірі болып отыр.