Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Назым Жангазинова Ақтөбе облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Маржан Қорғанбаева және облыс әкімінің гендерлік теңдік жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, комиссия мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Гүлпаршын Айдархановамен кездесіп, "Бақытты отбасы" отбасын қолдау орталығының жұмыс барысымен танысты.
“Отбасын қолдау орталығы” КММ-нің атқарып жатқан жұмыстарына жоғары баға беріп, орталықтағы арнайы оқыту курстары — “Алтын оймақ”, “Кербез”, “Үйлесу”, “Мен саған сенемін”, “Кәсіп ал” кабинеттерінің жұмыстарына ризашылығын білдірді.