2024 жылдың 10-11 сәуірінде Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ляззат Жаңылысқызы Сүлеймен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, облыстық комиссия төрағасы Шахмардан Асқарұлы Баймановпен кездесті.
Кездесу барысында Ұлттық комиссия жұмысының басым бағыттары, соның ішінде әйелдердің қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру, әйел көшбасшылығын дамыту, гендерлік теңдік қағидаларын ілгерілету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы әрекет ету тетіктері кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ тараптар орталық және өңірлік деңгейлердегі өзара ықпалдастықты күшейтіп, әлеуметтік саясатты іске асыруда нақты әрі нәтижелі механизмдерді бірлесе қалыптастырудың маңызын атап өтті. Кездесу қорытындысында әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау ісінде бірлескен жобалар мен бастамаларды дамытуға дайын екендіктерін білдірді.