2024 жылғы 17-18 қазанда Стамбулда БҰҰ Даму бағдарламасы (UNDP), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD) және Түркия үкіметі ұйымдастырған «Гендерлік теңдікке салынатын инвестициялар және климаттық өзгерістерге қарсы инклюзивті шаралар» атты өңіраралық форумы өтті. Форумға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Лаура Карабасова қатысты. 160-тан астам көшбасшы, саясаткер, азаматтық қоғам және жеке сектор өкілдері төмен көмірсутекті экономикаға әділ көшу мәселелерін талқылауға жиналды.
Ұлттық комиссия мүшесі қазақстандық қоғамдағы гендерлік теңдік тақырыбы бұрыннан көтеріліп келе жатқанымен, климаттық өзгерістер мен энергетика жағдайында оған қол жеткізу мәселесі одан әрі тереңірек талдауды қажет ететінін атап өтті. Жүргізілген сауалнамаларға сәйкес, 77 елдің респонденттері 80% климаттың өзгеруіне қарсы шаралар жеткіліксіз деп санайды және олар шешуші және тиімді болуы керек. Әйелдерде ер адамдарға қарағанда климаттың өзгеруіне қатысты алаңдаушылықтың жоғары деңгейін көрсетті, бұл олардың жас ұрпаққа деген қамқорлығымен және әлеуметтік тұрақтылыққа ұмтылуымен түсіндіріледі. Осыған орай «жасыл энергетикаға» ауысудың әйелдерге әсерін талдауға ерекше назар аударылды: бұл олардың өмір сүру сапасын жақсартатын факторға айнала ма, әлде әйелдердің едәуір бөлігі үшін жұмыс орындарының жоғалуы сияқты жаңа қиындықтарға әкеледі ме деген сұрақтар туындады.
Форумда әйелдердің ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) сияқты салалармен айналысуына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша қыздардың тек 20% STEM мамандықтарын таңдайды, ал «жасыл» мамандықтарда жұмыс істейтін әйелдердің үлесі небәрі 11% құрайды. Ұлттық комиссия мүшесі гендерлік стереотиптермен белсенді күресудің маңыздылығын және әйелдердің тұрақты дамуына елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретін білім беру мүмкіндіктерін кеңейту қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ, форумда экономиканың жаңа секторлары үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелері талқыланды. Қазақстан қазірдің өзінде жаңартылатын энергетика және энергоменеджмент саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларын енгізуде, бұл студенттерге заманауи еңбек нарығында табысқа жетуге септігін тигізетіні сөзсіз.
Форумның қорытынды ұсыныстары алдағы Бакуде өтетін COP29 саммитінде талқыланатын болады. Оған «жасыл экономика» саласындағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, әйелдер мен қыздарға арналған тәлімгерлік бағдарламаларды әзірлеу және гендерлік стереотиптерді жеңу бойынша жүйелі жұмыс кіреді.