ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Жұлдыз Жетпісбайқызы Давлетбаева.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ректордың ғылыми даму жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Жұлдыз Давлетбаева Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген, ол мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесіне ие, Мемлекеттік басқару академиясында күндізгі аспирантураны тәмамдаған, социология ғылымдарының кандидаты, профессор.
2022–2023 жылдары «500 ғалым» бағдарламасы және «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында АҚШ-тың Syracuse университетіндегі Максвелл атындағы Азаматтық және қоғамдық істер мектебінде бір жылдық ғылыми тағылымдамадан өтті.
Мемлекеттік органдарда, ғылыми-зерттеу және ғылыми ұйымдарда мемлекеттік басқару мен мемлекеттік саясат саласында жұмыс тәжірибесі бар.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінде профессор қызметін атқарып келеді.
Жұлдыз Жетпісбайқызы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі болып табылады.