Әлеуметтік жоба ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Самұрық-Қазына» АҚ компания және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асты.
Бүгін «Саламатты Қазақстан» пойызының жұмысы аяқталды. 8 ай ішінде 17 облыстағы 140 шалғай елдімекен тұрғындарына тегін медициналық және әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсетілді. Көмек алған 104 250 қазақстандықтың 23 282-і балалар. Жоба аясында 40 кәсіби маман жұмыс істеп, барлығы 240 мыңға жуық кеңес беріліп, 7671 шағын ота жасалды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Жоба дәрігерлері 101 301 азаматқа медициналық көмек көрсетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мың адамға көп. Биыл медпойызда эхоэнцефалография, маммография, рентген қондырғылары жаңарып, мамандар қатары травматолог, психолог, педиатр, мобильдік бригада өкілдерімен толықты.
ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның бастамасымен екінші жыл қатарынан жобаға тартылған медиатор мен заңгер 2 949 азаматтың арызын қарастырды, оның 1298-і әйелдер. Мамандар жергілікті азаматтардың құқықтық, еңбек кикілжіңдерін шешуге күш салды. Проблемалық қарыздар және шағынқаржы ұйымдары мен коллекторлық ұйымдар бойынша 481 азаматқа 260,7 млн теңге сомадағы несиелерге икемді кесте жасалды. 26 азаматтық және 27 қылмыстық іс медиация аясында тоқтатылды.
Биыл алғаш рет шалғай бекеттерде медициналық пойыз жанынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынуымен Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әртістерінің қатысуымен 18 қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.
«Саламатты Қазақстан»: Ұлттық комиссия 3 мыңға тарта тұрғынның әлеуметтік мәселесін шешуге күш салды
ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның бастамасымен екінші жыл қатарынан «Саламатты Қазақстан» пойызы» жобасына медиатор мен заңгер халыққа өз көмегін көрсетуде. Биыл мамандар 2 949 азаматтың арызын қарастырып, жергілікті азаматтардың құқықтық, еңбек кикілжіңдерін шешуге күш салды.
481 азаматқа 260,7 млн теңге сомадағы несиелерге икемді кесте жасалды, оның 404-і проблемалық қарыздар, 77-сі шағынқаржы ұйымдары мен коллекторлық ұйымдар бойынша қарыздар. Осылайша тұрғындарға алдағы уақытта несиені уақытылы және ыңғайлы түрде төлеуге мүмкіндік жасалды.
26 азаматтық және 27 қылмыстық іс медиация аясында тоқтатылса, 9 млн 660 мың теңге көлемінде төленбеген 12 алимент ісі бойынша шағым түсірілді. Заңгер мен медиатор түрлі әлеуметтік-еңбек, құқықтық мәселелер бойынша сотқа 120 шағым әзірлеп, қолдау көрсетті.
Жалпы жоба аясында барлығы 104 250 азаматқа қолдау көрсетсе, оның 101 301-і медициналық көмек алғандар, ал 2 949 тұрғын медиатор мен заңгердің көмегіне жүгінген.
Саламатты Қазақстан» жобасы аясында медиатор мен заңгер берген кеңестер барысында көпбалалы аналарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған және өмірлік қиын жағдайға тап болған аналарға ерекше назар аударылды. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың күшімен шалғай ауылдардың тұрғындарын пойызға жеткізу ұйымдастырылды, ауыл және кент әкімдерінің өзекті түйткілдерді тарқатуға атсалысуы қамтамасыз етілді. Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер, алимент рәсімдеу, еңбек өтілін есептеу, оқуға түсу, бизнес бастауға грант алу, қандас мәртебесіне ие болу, тұрғын үй теліміне қол жеткізу сынды жайттар аясында кеңес берілді.
Шығанақ станциясында 2016 және 2020 жылы туған екі баланың құқығы қорғалды. Медиатордың араласуымен балалардың кәмелетке толғанға дейінгі қажеттіліктеріне жұмсалатын 14 миллион теңге төлеу туралы келісімге қол жеткізілді.
Алтай ауылында зейнеткер ана мен оның мүгедектігі бар қызына баспаны сүру бойынша көп жылдан бері қордаланған мәселеге нүкте қойылды. «Саламатты Қазақстан» жобасының заңгері мен медиаторы тұрғындарға арызды «Е-өтініш» жүйесі арқылы жіберуге көмектесіп, аудан әкімінің орынбасарымен және сәулет бөлімінің мамандарымен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде үйді сүру туралы акт жасалып, отбасы №15 кезек бойынша жаңа баспана алу тізіміне енгізілді.