Ultcom KZ

ЖАСТАРДЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЖБИ-ДІҢ АЛДЫН АЛУ

ЖЖБИ – жыныстық жолмен берілетін инфекциялар.

Бұл – көзге көрінбейтін, бірақ адам өміріне терең әсер ететін дерт түрі. Көп жағдайда сыр бермей, белгісіз өтеді. Алайда уақытында анықталмаса, денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді.

Кең таралған ЖЖБИ түрлері:

– хламидиоз
– гонорея
– мерез (сифилис)
– адам папиллома вирусы (ВПЧ)
– жыныс герпесі
– ВИЧ

Бұл дерттер ауыр салдарға әкелуі мүмкін:

– бедеулік пен жүктіліктегі асқынулар
– түсік тастау
– созылмалы қабыну
– жатыр мойны обыры
– иммунитеттің күрт әлсіреуі

ЖЖБИ-ден қалай қорғануға болады?

– Жыныстық өмір басталмас бұрын дәрігерге қаралу
– Презервативті тұрақты қолдану
– Сенімді қарым-қатынас орнату
– Мамандардан дер кезінде кеңес алу, ұялмай ашық сөйлесу

Репродуктивті денсаулық – адамның өмірлік қуаты мен болашаққа аманат.
Оны сақтау – ертеңгі ұрпақ алдындағы парыз.
Саналы таңдау – салауатты өмірдің, сапалы ұрпақтың бастауы.

#СалауаттыҰрпақ2025
#ЗдоровоеПоколение2025
#RepHealth2025
#ЖЖБИалдыналу