ЖАСТАРДЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЖБИ-ДІҢ АЛДЫН АЛУ
ЖЖБИ – жыныстық жолмен берілетін инфекциялар.
Бұл – көзге көрінбейтін, бірақ адам өміріне терең әсер ететін дерт түрі. Көп жағдайда сыр бермей, белгісіз өтеді. Алайда уақытында анықталмаса, денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді.
Кең таралған ЖЖБИ түрлері:
– хламидиоз – гонорея – мерез (сифилис) – адам папиллома вирусы (ВПЧ) – жыныс герпесі – ВИЧ
Бұл дерттер ауыр салдарға әкелуі мүмкін:
– бедеулік пен жүктіліктегі асқынулар – түсік тастау – созылмалы қабыну – жатыр мойны обыры – иммунитеттің күрт әлсіреуі
ЖЖБИ-ден қалай қорғануға болады?
– Жыныстық өмір басталмас бұрын дәрігерге қаралу – Презервативті тұрақты қолдану – Сенімді қарым-қатынас орнату – Мамандардан дер кезінде кеңес алу, ұялмай ашық сөйлесу
Репродуктивті денсаулық – адамның өмірлік қуаты мен болашаққа аманат. Оны сақтау – ертеңгі ұрпақ алдындағы парыз. Саналы таңдау – салауатты өмірдің, сапалы ұрпақтың бастауы.