Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы бедеулікпен күресіп келеді. Қазір диспансерлік есепте 21 мыңдай тұрғын бар. Соның мың жарымы ғана ерлер. Алайда мамандар шын мәнінде белсіздік диагнозына шалдыққандардың саны 13 есе көп екенін айтады. Бір ғана Репродуктивті денсаулық институтында жыл сайын шамамен 20 мың ер адамда осы диагноз анықталады. Бірақ олар есепке тұрып, емделуге құлықсыз. Осыған байланысты репродуктивті денсаулық апталығында барлық өңірдерде түсіндіру жұмыстары мен тренингтер өткізіліп жатыр.
Назым Жанғазы, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:
Жалпы, бұл апталықта төрт тақырып бар. Біріншісі әйел, ер денсаулығы. Сосын адам папиллома вирусы және жыныстық инфекциялар туралы тақырыпты жан-жақты көтеріп жатырмыз.