Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде Отбасы күнін атап өту игі дәстүрге айналды. Бұл мерекенің басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеп, олардың қоғамдағы маңыздылығын арттыру.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отбасы институтын нығайтуға, ана мен бала құқығын қорғауға және қоғамда дұрыс құндылықтар жүйесін қалыптастыруға ерекше мән береді.
Биыл мереке қарсаңында елімізде алғаш рет Отбасы апталығы ұйымдастырылды. 2-8 қыркүйек аралығындағы әрбір күн отбасы дәстүрлері, отбасыны жоспарлау, ұрпақтың саулығы және саналы ата-ана болу сынды маңызды тақырыптарға арналды.
Бүгін елімізде «Отбасым – менің байлығым» атты акция бастау алды. Әрбір қазақстандықты өз отбасының қызықты әрі маңызды оқиғаларымен бөлісіп, отбасы құндылықтарын насихаттауға шақырамыз.
Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтай отырып, әр шаңыраққа бақыт, береке тілейміз!