Батыс Қазақстан облысында әйелдер көшбасшылығы мен олардың бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі рөлін күшейтуге бағытталған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 Резолюциясын іске асыру жөніндегі семинар-тренинг өтті.
Іс-шара барысында өңірдегі әйелдердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды реттеу процесіне қатысуын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Қазақстанға тән табиғи қатерлер – су тасқыны мен сейсмикалық аймақтардағы тәуекелдер бойынша да пікір алмасу жүргізілді. Семинар-тренинг ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ-Әйелдер құрылымының қолдауымен ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – гендерлік теңдікті нығайту, шешім қабылдау процестеріне, медиацияға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне әйелдердің қатысуын кеңейту, сондай-ақ 1325 Резолюцияның қағидаттарын өңірлік деңгейде ілгерілету.
Кездесуді Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко және гендер мәселелері жөніндегі ұлттық сарапшы, «Отбасы жетістігі орталығы» қоғамдық қорының директоры Роза Бекішева жүргізді.
Семинарға облыстық және аудандық әкімдіктердің өкілдері, Орал қаласының басшылығы, құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар қызметтері, азаматтық қорғаныс, прокуратура, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік бағдарламалар және отбасыны қолдау орталықтары сияқты түрлі құрылымдардан шамамен 300 қатысушы жиналды. Интерактивті формат қатысушыларға тәжірибе алмасуға және төтенше жағдайларда әрекет етуге қатысты нақты жағдайларды талқылауға мүмкіндік берді.
Талқылаудың жалғасы Теректі ауданында өтіп, оған аудан әкімі мен уәкілетті органдардың өкілдері қатысты. Бұдан кейін сарапшылар аудандық аурухана, Теректі кентінің мұражайы, Орал қаласының отбасын қолдау орталығы және Облыстық оңалту және абилитация орталығы сияқты әлеуметтік нысандарға барып, жергілікті жағдаймен танысты. Мұндай сапарлар халықтың осал топтарына көрсетілетін қолдауды жақсарту бағытында қосымша қажеттіліктерді айқындауға мүмкіндік берді.
Семинар қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге, төтенше жағдайлар жүйесіне гендерлік сезімтал тәсіл енгізуге және өңірлік деңгейде қауіпсіздік саласына әйелдердің қатысуын кеңейтуге бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді.
Бұл іс-шара 1325 резолюция қағидаттарын ілгерілетуде және төтенше жағдайлардың алдын алу мен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында әйелдердің рөлін нығайтуда маңызды қадам болды.