8 қараша күні Алматы облысының ең ірі әрі тарихи өңірлерінің бірі – Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында ерекше форматтағы форум өтті. «Ауыл әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» тақырыбымен ұйымдастырылған жиынға өңірдің түрлі аудандарынан келген 340-қа жуық белсенді әйел қатысты.
Форумды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, «Ауыл» партиясы және Алматы облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – ауылдық жерлердегі әйелдердің көшбасшылық әлеуетін нығайту және олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту.
Бұл бастама – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылды орнықты дамыту саясатының жарқын көрінісі.
Форумның ашылу рәсімінде Ұлттық комиссия мүшесі Айгерім Сәрсенбаева, Алматы облысы әкімінің орынбасары, өңірлік комиссия төрағасы Ғани Майлыбаев, Жамбыл ауданының әкімі Ертас Ертасұлы және «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Ғалымжан Құсманғали сөз сөйлеп, ауыл әйелдерінің қоғамдық және экономикалық өмірге белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.
«Ауыл әйелдерінің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту – өңірлік дамудың негізі» атты пленарлық отырыс барысында қатысушылар ауыл кәсіпкерлігін қолдау шараларын, әйелдердің әлеуметтік қорғалуы мен құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелерін талқылады.
Алматы облыстық кәсіпкерлік басқармасы өкілдері әйелдерге арналған мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелер алу шарттары туралы баяндады. Ал жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы әлеуметтік қолдау бағдарламалары мен қайтарымсыз төлемдер жөнінде ақпарат берді.
Форумға қатысқан ауыл кәсіпкер әйелдері экспортқа бағытталған бизнесті дамыту тәжірибесімен бөлісіп, ауыл шаруашылығы саласындағы кооперацияның маңызын атап өтті.
Іс-шара аясында облыстың түрлі аудандарынан келген ауыл әйелдері өндірген ауылшаруашылық өнімдері мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрме – ауыл әйелдерінің еңбексүйгіштігі мен шеберлігін, дәстүрге деген құрметін айқын көрсеткен тағылымды шара болды.
Форум соңында барлық ұсыныстар мен өңірлік деңгейде көтерілген мәселелер Ұлттық комиссияның талдамалық жұмысына енгізіліп, әрі қарай орталық мемлекеттік органдардың қарауына жолданатыны айтылды.
Ұзынағаштағы форум ауыл әйелдерінің әлеуетін арттыру мен қоғамдағы рөлін күшейту бағытындағы маңызды қадам болды. Бұл – Президенттің өңірлерді дамыту және қолдау саясатының нақты өмірде жүзеге асып жатқандығының жарқын дәлелі.