2026 жылғы 8-9 сәуір күндері Алматы қаласында «Қазақстанның жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің 30 жылдық қызметіне орай «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы» атты V мерейтойлық халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция барысында жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау, ерте жүктіліктің және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, салауатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және отбасы институттарының өзара іс-қимылы мәселелері қаралды. Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен жыл сайын өтетін Репродуктивті денсаулық апталығының маңызына да ерекше тоқталды.
Конференцияның ашылуында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығына қатысты мәселелер елдің демографиялық дамуына, адами капитал сапасына және әлеуметтік саясаттың орнықтылығына тікелей байланысты екенін атап өтті.
ЮНФПА-ның 2025 жылғы деректеріне сәйкес, Қазақстанда 15-19 жас аралығындағы қыздардың шамамен 3 пайызы жоспарланбаған жүктілік жағдайына тап болады. Жасөспірімдердің 60 пайыздан астамы жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан және қалаусыз жүктіліктен қорғану жолдарын білмейді, ал тек 9 пайызы ғана ЖЖБИ-дің берілу жолдары туралы хабардар. Бұл деректер ағартушылық және профилактикалық жұмысты одан әрі күшейту қажеттігін көрсетеді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Ұлттық комиссия мүшелері, Денсаулық сақтау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың, бейінді ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар қатарында дәрігерлер, оқытушылар, психологтер және жастар тренерлері болды.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүйелі түрде жалғастыру, жасөспірімдер мен жастардың сапалы ақпаратқа қолжетімділігін кеңейту, сондай-ақ ата-аналардың, педагогтердің және денсаулық сақтау саласы мамандарының қатысуымен ашық кәсіби диалог тәжірибесін дамыту қажет екенін атап өтті.